Зиянкестер орманды алқапты отап барады. Ақтөбе облысыныңтұрғындары осылай деп дабыл қағып жатыр. Қазірдіңөзінде Мәртөк ауданында 5 гектарға жуық жердегі ағаштар жапырақсыз қалған. Мамандар тез арада әрекет етпесе, жібек көбелегі бой бермей кетуі мүмкін дейді. Жақсыбек Кемал көз жеткізді.
Жақсыбек Кемал, тілші:
Бұл алқап бес күн бұрын ғана жап-жасыл болған. Қазіргі күйін өздеріңіз көріп тұрсыздар, зиякестер дымын қалдырмай отап тастаған. Осылай жалғаса берсе, ауыл тұрғындары жасыл желектен түгел айрылып қаламыз ба деп алаңдайды.
Мына әдемі көбелектер табиғатқа ерекше сән бергенімен, зияны да көп болып тұр. Тұрғындар мен орманшылар жібек құртының ағаш жапырақтарын отай бастағанын 2-3 күн бұрын ғана байқаған. Көктерек өскен аумақ түгел жалаѕаштанып қалған. Орманшы зиянкестердің ошағын бірнеше жерден байқаған.
Қуантқан Тастыбаев, орманшы:
Құрт шықты. Әуелі шамалы басталған тұғын. Бұрын ондай болмаған. Бір жетінің ішінде осындай болып жапырақты жеп тастап жатыр. Уламаса бәрін жей береді ғой.
Родниковка ауылындағы орман көлемі 300 га шамасында. Ауыл әкімдігі аудан орталығына хабар берген. Ол жақтан мамандар келіп, жағдаймен танысып кетті. Бірақ әзірге нақты әрекет жоқ.
Равиль Әбілов, Родниковка ауылдық округінің әкімі:
Комиссия келді. Бәрін түсіндірдік. Қарады, көбелекті бәрін алып кетті. Зерттеп, қандай әрекет керек, соны тауып, улайтын шығар.
Жібек құрты Родниковкадан бөлек Қарғалы ауданының Қайыңды аулынына да табылған. Орман шаруашылығы мекемесінің мамандары жағдайдың күрделі екенін мойындап отыр. Өйткені жапырағынан түгел айырлған ағаштың қурап қалуы мүмкін. Ең сорақысы, жасыл желекті дәрілеуге бюджеттен ешқандай қаржы бөлінбеген.
Роман Титов, «Ақтөбе орман шаруашылығы» мекемесінің инженері:
Ең қорқыныштысы- ол 300-ден аса өсімдік түрін жейді. Күн ыстықты, ауа құрғақ кезде көбейеді. Қазір үлкендігі 3 см көлемінде. Егер 7-8 смге жетсе, олар бой бермей кетеді. Біз акт толтырып, тиісті мекемелерге хат жолдадық. Авиация көмегіне сүйенеміз, сондықтан көп қаржы керек.
Мамандардың айтуынша, орманды құтқаруға бар-жоғы 2-3 күн ғана бар. Одан қалса, бәрі кеш болуы мүмкін. Мұндай жағдай өңірде соңғы рет 15 жыл бұрын болған.
Жақсыбек Кемал