Әлеуметтің осал тобына жататын түлектерге арнайы квота бөлінеді
Биылдан бастап әлеуметтің осал тобына жататын түлектерге квота саны артады. Мәселен, Еуразия Ұлттық университетінде жетім балалар мен ата-ананың қарауынсыз қалғандарға, мүгедек балаларға, көп балалы немесе аз қамтылған отбасынан шыққан талапкерлерге, Ауған соғысы ардагерлерінің, университет қызметкерлерінің балаларына 15%-дан 50%-ға дейінгі жеңілдіктер қарастырылған. Ерекше балалар үшін де еш кедергісіз білім алуға жағдай жасалған. Еліміздің басқа да жоғары оқу орындары осы бағытта жұмыс істеуді бастап кетті. Биыл студенттердің шәкіртақысы да 2.5 есе артты. Сондай-ақ, жатақхана мәселесін түбегейлі шешу үшін тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Ерлан Сыдықов, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры:
Орталықта 3 гектар жерге 2,5 мың студентке арналған жатақханалар салуды бастап кеттік. Амандық болса, бірінші кезегі жыл аяғында, қалғаны келер жылы аяқталады. Студенттердің пікірін ескере келе, 1-қабатының бәрі сервистік орын болады. Осылайша Қазақстан бойынша бұл мәселені алғашқылардың бірі болып шешпекпіз.
Ақниет Балтанова
Автор
Ақниет Балтанова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ШҚО-да көпірлердің техникалық жағдайы тексеріліп жатыр
17.09.2025, 20:42

Алматыда қала көшелері су астында қалды
17.09.2025, 20:19
Интернет алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды
17.09.2025, 20:19
Елімізде архив қызметкерлерінің жалақысы өседі
17.09.2025, 20:15
Болашақтың айқын бағдары
17.09.2025, 20:08
Интернетте экстремистік идеялардың таралуына қарсы тұру маңызды
17.09.2025, 20:07
Astana Motors: көлік бағасы арзандады
17.09.2025, 20:06
Астана - әлемдік дін көшбасшыларын біріктіретін алаң
17.09.2025, 20:03