Жамбыл облысында жиырма мыңға жуық мұғалім ковидке қарсы екпе алды. Жазғы демалыс басталғалы ұстаздар вакцина салдыруға көптеп келуде дейді дәрігерлер. Жалпы Жамбыл облысында жүз мыңнан астам тұрғын екпе салдырса, олардың 40 мыңнан астамы екінші дозасын алып үлгерген. Аймақтың бас эпидемилог дәрігері екпе салдырғандардың денсаулығы қалыпты екенін айтады.
Жалпы, өңір тұрғындарының 52 пайызына вакцина салу жоспарланған. Оған 18 жастан асқан алты жүз мыңдай адам кіреді.
Гүлнаш Абылаева, иммунолог-дәрігер:
Мектептің жазғы каникулға шығуына байланысты, мұғалімдер қолдары босауына орай келіп жатыр.
Ал, Батыс Қазақстанда мобильді топтар мекемелерге барып вакцина салып жатыр. Өңірде екпе алғандар саны 70 мыңға жуықтады. Вакцинациялау пункті 30-дан 47-ге артты. Ауру жұқтырғандардың саны 8 пайызға төмендеді.
Сәбит Әлдебай