Шымкенттегі қатты желден зардап шеккен нысандар қалпына келтіріліп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкенттегі қатты желден зардап шеккен нысандар қалпына келтіріліп жатыр

03.06.2021

Коммуналдық қызмет мекемелерінің жұмысы арқасында дауылды желден бүлінген жерлер жөнделіп, Шымкент қаласы тұрғындары қалыпты өмірге қайта оралды. Кешегі күнге дейін жарықсыз отырған екі шағын ауданға электр қуаты берілді. Құлаған бағаналар орнына келтіріліп, үзілген желілер жалғанды.

Қазір табиғи апаттан келген шығын есептеліп жатыр. Мамандардың есебі бойынша, оншақты ғимараттағы шатырдың 3 мың шаршы метрден астам жерін жел ұшырып әкеткен. Бұл нысандарда бағалау жұмыстары жүріп, қажетті құжаттар жинақталуда. Ал құлаған тал-теректер басып қалған автокөлік иелерінің шығыны сақтандыру полистері бойынша өтеледі. 

Ғани Қалмаханов

Хабарламаларға жазылу