Шығыс Қазақстанда екі аптада жол жүру ережесін бұзғаны үшін 20 мың адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Полиция қызметкерлері көлікті мас күйінде жүргізген, жолдың қарсы бағытына шығып кеткен, жылдамдықты асырғандарды анықтауға ерекше ден қойған. Көлік жүргізіп келе жатып телефонмен сөйлескендер мен жол ережесін елемеген жаяу жүргіншілерге де айыппұл салынды. Жол жүру ережесін сақтамаған 119 қоғамдық көліктің жүргізушісі ұсталды. 250 адамның көлігі арнайы тұраққа қойылды.
Талғат Нұриев, ШҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы:
16 күн ішінде полиция 20 мыңнан астам жол қозғалысы ережелерін бұзу оқиғаларын анықтады. Оның ішінде 110 адам мас күйінде көлік жүргізген. Олар 7 жылға көлік жүргізу куәлігінен айырылып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынады.
Берік Көшербай