«Exxon Mobil» тәжірибесін зерттейтін жұмыс тобы құрылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Exxon Mobil» тәжірибесін зерттейтін жұмыс тобы құрылады

02.06.2021

Премьер-Министр «Exxon Mobil» компаниясының аға вице-президенті Нил Чапманмен кездесті. Олар көмірсутегі шикізатын барлау, өндіру және тасымалдау салаларындағы бірлескен инвестициялық жобаларды талқылады. Әрі Теңіз ШеврОйлдың болашақ кеңею, Солтүстік Каспий жобасын дамыту және «Каспий Құбыр Консорциумы» мұнай құбырын жаңғырту мәселелерін сөз етті. Асқар Мамин Қазақстанда мұнай-газ химиясы өндірістерін іске асыру үшін «Exxon Mobil» тәжірибесін зерделеуге жұмыс тобын құруды тапсырды. «Exxon Mobil» –ірі инвестор. 1993 жылдан бері Қазақстан экономикасына 26 млрд доллардан аса инвестиция құйды. 

Нысаналы Ығыл

Хабарламаларға жазылу