Алматыда банктерден ақша ұрлаған Қарбанақ/Кобальт трансұлттық киберқылмыс ұйымының екі өкілі 8 жылға сотталды. Қалалық прокуратура анықтағандай, сотталғандар 2016-2017 жылдар аралығында ақпараттық жүйелерді бұзу арқылы қазақстандық екі банктен 2 миллиардтан астам қаржы ұрлаған. Бұдан бөлек, тағы 8 миллиард теңгені жымқырмақ болған. Аталған қылмыстық ұйым әлемнің 40 еліндегі 100-ден астам банкті тонап, 1 миллиард АҚШ доллары көлемінде шығын келтірген. Қазір топтың өзге де мүшелері анықталып, оларға іздеу жарияланған.