Әлемдегі ең ірі ет комбинатына Ресей хакерлері шабуыл жасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлемдегі ең ірі ет комбинатына Ресей хакерлері шабуыл жасады

02.06.2021

Әлемдегі ең ірі ет комбинаттарының біріне Ресей тарапынан хакерлік шабуыл жасалды. Мұны Бразилияның JBS компаниясы хабарлап отыр. Оның мәлімдеуінше, шабуылдан компанияның АҚШ пен Австралиядағы зауыттары жұмысын тоқтатқан. Құрама Штаттарда сиыр етін өндіру деңгейі өткен аптадағы көлеммен салыстырғанда 22 пайызға төмендеп кетті. Айта кетсек, Қытайға экспорт күшейгендіктен, Америкада ет бағасы бұнсыз да қымбаттаған. 

Оқиғадан кейін Ақ үй әкімшілігі Ресей үкіметіне хабарласса, ФБР тергеуді бастады.

«Жауапкершілігі бар мемлекет қылмыскерлерді бүркемелемесе керек», - дейді президент Джо Байден әкімшілігінің баспасөз қызметі.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу