Қазақстанда эпидахуал оңалып келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда эпидахуал оңалып келеді

01.06.2021

«Ашық» жобасы арқылы ПТР тестінің оң нәтижесімен жүрген 3 жарым мыңнан аса адам анықталды. Үкімет басшысы Асқар Мамин мобильді қосымшаның үздіксіз қызметін қамтамасыз етуді және ел аумағында жаппай таратуды тапсырды. Елде коронавирус жұқтырғандар саны азайып, эпид ахуал біршама тұрақталып келеді..

Соңғы аптада COVID жұқтыру жағдайы 20%-ға азайды. Сәйкесінше инфекциялық және реанимациялық төсек-орындар жүктемесі төмендеп келеді. Сақтық шараларына мән берудің және вакцина салдырған тұрғындар қатарының артуынан осындай оң өзгерістер орын алды. Бүгінге дейін азаматтарға 3,2 млн доза екпе салынды.

Алексей Цой, ҚР Денсаулық сақтау министрі:
 2,1 млн-нан астам адам бірінші компоненттін, 1 млн-нан астам адам екінші компонентті алды. Жалпы егу пунктерінде вакцинаның саны жеткілікті. Бірінші компоненттің 330 мың, екіншісінің 811 мың дозасы бар.

Премьер-Министр Асқар Мамин вакцина санын арттыруды тапсырды. Осы айда тағы 4 млн компонентпен қамтылуы керектігін айтты.

Асқар Мамин, ҚР премьер-министрі:
Денсаулық сақтау министрлігі мен әкімдіктер вакциналау қарқынын елеулі түрде арттыру керек. Вакциналау паспортын «Ашық» қосымшасына енгізу керек.

 Жалпы, «Ашық» қосымшасы ел аумағында кеңінен пайдаланылуы керек. Қазір оны жүктеп алғандар саны 2 млнға жуықтады. Ал, қосымшаны орнатып, кәсібін жүргізіп отырғандар қатары 10 мыңға жетті. Енді, жобаны қызмет көрсету секторына да енгізу тапсырылды.

Нысаналы Ығыл 


Хабарламаларға жазылу