Экологиялық сауаттылықты арттырып, мәдениет қалыптастыру мақсатында жастарға арналған «Киелі табиғат» Youtube арнаcы ашылды. Жоба Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысымен жүзеге асып отыр. Youtube арнаның контенті бойынша «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының 5 қызметкерлері жұмыс атқарады.
Динара Садвакасова, «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» РҚБ төрайымы:
Каналда балалар мен жасөспірімдерге видеодәрістер дайындайтын боламыз. Мысалы, қоқысты қалай дұрыс сұрыптау керек,арнайы эколайфхак,экоәдеттерді қалай қалыптастыруға болады сол жайлы әртүрлі бейнероликтер жазылатын болады.