Қарағандылық кеншілер де жаппай екпе алуда. Тіпті көмір шахталарының жұмысшыларына ол үшін 10 мың теңге көлемінде бір реттік сыйақы да беріледі. Компания басшылығы ұжымдық қауіпсіздікті күшейту мақсатында осындай ынталандыру шарасын қолданып отыр. Себебі барлық 8 көмір шахтасындағы екпе алу белсенділігі 15 проценттен аспайды. Оның өзінде екпе салдырғандардың көбі кен орындарының әкімшілік қызметкерлері көрінеді. Жалпы Қарағандыдағы көмір өндірісінде 13 мыңнан астам кенші жұмыс істейді. Олардың 1933-і екпе алған.
Сайфуддин Құрымбаев, кенші:
Вакцина туралы да не бір әңгіме болып жатыр. Бірақ мен оны қолдаймын. Себебі ол мен ғана емес, қасымдағы әріптестерім үшін де жауаптымын. Өйткені вакцина КВИ-ден құтылатын жалғыз жол деп есептеймін.
Руслан Нұрланұлы