Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елдегі эпидемиологиялық ахуал туралы мәлімдеді.
Айтуынша, соңғы аптада індетке шалдыққандар саны 15 мыңнан 12 мыңға дейін төмендеген. Жалпы, соңғы айда ауыру көрсеткіші 1,6 есе азайған.
Елде инфекциялық төсек-орындар 28%-ға, реанимациялық төсек-орын 24%-ға толы.
Айта кетейік, Қазақстан коронавирустың таралуы бойынша «сары» аймақта тұр.
«Қызыл» аймақта - Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Қарағанды облыстары орналасса, «сары» аймақта алты өңір бар: Алматы қаласы, БҚО, СҚО Қостанай, Атырау, Павлодар облыстары. Қалған өңірлер «жасыл» аймақта.