Қазақстан мен Жапония арасындағы ынтымақтастық пен парламентаралық диалог нығая түседі. Бұл туралы Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин мен Жапония Парламенті өкілдер палатасының спикері Тадамори Ошиманың кездесуі аясында айтылды. Бейнеконференция барысында спикер Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған елдің саяси жүйесін жаңғырту,отандық заңнаманы жетілдіру жұмыстары туралы айтты. Кездесуде Тадамори Ошима Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ядролық қарудан азат әлем құруға қосқан ерекше үлесін атап өтті.
Дарын Сағитов