Елімізде құрылыс материалдары тағы қымбаттағалы жатыр. Мердігерлер қауымдастығы президентінің айтуынша ертеңнен бастап бетон 30, ал арматура 10 пайызға қымбаттайды. Құрылыс компанияларына ірі кәсіпорындардан осындай ескерту хат түсіп жатыр. Айтуларынша бағасы көтерілгелі жатқан құрылыстағы ең негізгі материалдар. Сол үшін олар баспана құнына әсер етіп, шаршы метр бағасы да өсуі мүмкін дейді мамандар. Бұған дейін цемент пен құм да қымбаттаған еді. Ал Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасы өткен апта баспана бағасының көтерілуіне құрылыс материалдарының қымбаттауы себеп деген еді.
Досжан Маратұлы