Шығыс Қазақстанда 13 елдімекенді сел басу қаупі бар. Қауіпті орындар Катонқарағай, Зайсан, Үржар, Тарбағатай, Алтай ауданы және Риддер қаласында орналасқан. Мамандардың айтуынша, осы уақытта бұл жақтағы тауларда 146 мұзды көл пайда болып, төмендегі елдімекендерге қауіп төндіреді. Табиғи апаттың алдын алу үшін сол маңдарға арнайы бекеттер қойылып, Қазселденқорғау мекемесінің мамандары тәулік бойы бақылау жасауда. Сел қаупін қадағалау үшін аэровизуалды зерттеулер де жүргізіледі.
Берік Көшербай