Президент ашаршылық құрбандарын еске алу күніне байланысты үндеу жариялады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент ашаршылық құрбандарын еске алу күніне байланысты үндеу жариялады

31.05.2021

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне байланысты үндеу жариялады. 

«Өткен ғасырдың алғашқы жартысындағы саяси қуғын-сүргін Кеңес Одағы дәуіріндегі миллиондаған азаматтың тағдырына таңба салды. Зұлмат заманда тұтас халықтар қудалауға түсті. Туған жерінен зорлықпен көшірілген бес миллионға жуық адам қасиетті қазақ жерінен пана тапты. Ұлтымыз алапат аштықтың зардабын тартып, орны толмас шығынға ұшырады. Тәуелсіздік таңы атқаннан кейін біз арыстарымызды ақтауға кірістік. Тарихтан тағылым алып, мұндай тауқымет ешқашан қайталанбауы үшін бәрін жасайтын боламыз», - деп жазды Президент.   

Оңғар Алпысбайұлы

Хабарламаларға жазылу