Ақмола облысында саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған аллея ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысында саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған аллея ашылды

31.05.2021

Ақмола облысының Қорғалжың ауданында саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған аллея ашылды. Аудан жұртшылығы бір кісідей саябаққа ағаш көшеттерін отырғызып, құрбан болғандырдың рухына тағзым етті. Қорғалжың ауданы бойынша 5 адамның сол зұлмат жылдары қуғын сүргінге ұшырағаны белгілі. Қазір, осы тұлғаларды толық зерттеп, оларды ақтау үшін нақты жұмыстар атқарылмақ. «Қазақ даласын қанға бөктірген ашаршылық пен саяси қудалауға ұшырап, опат болған ұлт қайраткерлерінің рухына тағзым ету - бүгінгі ұрпақтың парызы», - дейді шараны ұйымдастырлушылар.

Дарын Сабырғали, Қорғалжың ауданы әкімінің орынбасары:
Ұрпақтары тұрады осы ауылда, өткен тарихты білу, ұрпақтарға жеткізу керек.

Леонид Гейлингер, тұрғын:
Қуғын-сүргін, ашаршылық бізді әке-шешеден айырды, қазақ халқының бауырмалдылығы мен мейірімінің арқасында сол нәубет жылдардан аман қалдық. Тарихтың ақтаңдағын ұмытуға болмайды.

Ермек Елберген

Хабарламаларға жазылу