Шарындағы селден аман қалған қыздың жағдайы жақсы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шарындағы селден аман қалған қыздың жағдайы жақсы

31.05.2021

Шарын шатқалындағы селден аман қалған қыз баланың жағдайы жақсы. Ол кеше тікұшақпен ауруханаға жеткізілді. Жасөспірімнің айтуынша, өмір үшін жанталаста кедергі келтірген сөмкесі мен аяқ киімін шешіп тастап, тасқа жармасып, жағаға шыққан. Тілсіз жау оны 3-4 шақырым жерге дейін ағызып апарған. Бұршақ аралас нөсер жауын салдарынан тауда сел жүрген еді. Жол-жөнекей туристерді іліп әкеткен. Өкінішке қарай, 26 жастағы мұғалім мен 11 жасар оқушы қайтыс болды. Экскурсияға барғандардың арасында 8 бала болған. Ұйғыр аудандық ауруханасына жеткізілген 6 науқастың жағдайы жақсы.

Майра Букеева, Ұйғыр аудандық денсаулық сақтау бөлімі басшысының орынбасары:
Төртеуі хирургия бөліміне жатқызылды. Ал екі науқастың жағдайы жақсы болғандықтан біз оларды амбулаториялық емдеуге жібердік. Қазіргі күнде амбулаторияға тағы бір науқас жіберілді. Ал ббір науқас орталық көпсалалы ауруханасына жіберілді. Ал хирургия бөлімінде екі науқас жатыр.

Қуан Нұрақын

Хабарламаларға жазылу