Тарих өткеннің қателіктерін қайталамауды үйрету керек. Сол үшін де оны жан-жақты зерделей түсудің маңызы зор. Әсіресе, саяси қуғын-сүргін мен ашаршылық тақырыбы өскелең ұрпақ үшін өзекті. Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні қарсаңында жас тарихшылармен кездескен Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева осындай ұсыныс айтты. Жиын «Алжир» мемориалдық музейінде өтті. Президенттің тапсырмасына сәйкес, саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылған. Қазір мамандар тарихи құжаттарды зерделеп, нақты деректерді зерттеуге кірісті.
Аида Балаева, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі:
Қазіргі таңда өздеріңіз зейін қойып, осы тақырып бойынша халықаралық деңгейде басқа әріптестермен қарым-қатынас жасап, оның бәрі ертең тарихи ақиқатты жас ұрпаққа паш етуге бағытталған жақсы дүние.
Раушан Сайлауқызы