Қазақ боксында ерекше күн. Бұрын соңды болмаған ел спортының тарихында бұрымды боксшыларының тоғызы ақтық сынға жолдама алып сенсация жасап отыр. Дубайда өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында қазақ елінің бұндай жетістік болған емес. Енді аруларымыз 30 мамыр күні финалдық бәсекелерде бақ сынайтын болады.
Жартылай финалдық жекпе жектерде алғашқы болып, шаршы алаңға шыққан Алуа Балқыбекова үндстандық қарсыласын ұтып, жеңісті жолды бастап берсе, артынша 51 келі салмақтағы екі дүркін Әлем чемпионы Назым Қызабай кездесу тағдырын бірнші раундта ақ шешіп тастады. Ол ширланкалық қарсыласын үш мәрте есеңгіретіп, айқын басымдылыққа қол жеткізді.
Назым Қызайбай, әйелдер боксынан Қазақстан құрамасының мүшесі:
Енді финалда Мерикомен кездесеміз. Жақсылап дайындалып, бапкерлердің айтқанын істеуге тырысамын. Көп еңбек еттік. Енді, әрине, алтын медаль үшін бар күшімізді саламыз.
Сонымен қатар Дина Жоламан, Владислава Кухта, Римма Волосенко, Милана Сафронова және Фариза Шолтайларда Азия чемпионатының алтын үшін жұдырықтасады. Аса ауыр салмақтағы Әлем чемпионы Ләззат Күнгейбаева да шаршы алаң иесін бірінші раундта жеңіп финалға жолдама алды.
Ләззат Күнгейбаева, әйелдер боксынан Қазақстан құрамасының мүшесі:
Бұрынғы қарсыластарым келмепті мұнда. Жас қыздар енді. Олардыңқандары қайнап тұр ғой.
Алайда тек аруларымыздың ішінен Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері Марина Вольнова ғана финалға шыға алмады. Оның еншісінде қола жүлде. Топ жарып жүлдеге ілінген боксшылардың барлығы қомақты ақшалай сыйлық алады. Бас жүлде 10 мың АҚШ доллары. Күміске бес, ал қола жүлдеге екі жарым мың беріледі. Дәл осындай сыйақыны ҚР бокс федерациясы да тағайындап отыр.
Телжан Күдеров