Ал елордада үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсаты жоқ құрылыс компанияларының тізімі жасалды. Мұнда 34 ұйым бар. Әкімдік өкілдері бұл фирмалармен жасалған барлық мәмілелер, үлестік құрылыс туралы және алдын ала брондау секілді шарттар жарамсыз дейді. Сондықтан тұрғындарға өз ақшасына сақ болуды және рұқсаты жоқ компаниялардан үй сатып алудың қажеті жоқ екенін ескерткеді. Өйткені үлестік құрылыс туралы заңға сай, салымшылардың ақшасын тиісті рұқсатсыз қабылдауға тыйым салынған. Заңды бұзған бұл фирмалардың тізімін сайтымыздан көре аласыз.
Досжан Маратұлы