Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларынан кейін Қарағанды облысында жастарға арналған ипотека іске қосылмақ. Аймақ басшысының айтуынша жастар үшін жеңілдетілген несиенің жоқтығына қатысты шағым көп. Сол үшін ірі қалалардың үлгісі бойынша бағдарлама ашылмақ. Оған 35 жасқа дейінгі жастар қатыса алады. Мөлшерлеме 5 пайыз. Десе де жеңілдетілген несиені рәсімдеуге қашаннан бастап өтініш қабылданатыны әзірге белгісіз.
Досжан Маратұлы