Бәйтерек холдингінің даму стратегиясы мен құрылымы оңтайландырылады. Бұл туралы Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен директорлар кеңесінің отырысында айтылды. Холдингтің 2024 жылға дейінгі түзетілген даму стратегиясының жобасы бекітілді. Оған қызметтің жаңа бағыты, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту енгізілді. Бірыңғай тұрғын үй құрылысы операторын құру қайта қаралған. Шағын- орта бизнесті қолдау, экспорттық әлеуетін дамыту құралдары кеңейтілді. Жиында сондай-ақ қаржылық есептілік, корпоративтік басқаруды жетілдіру жөніндегі іс-шаралар жоспары қаралды.