Оралда қалалық № 1 емхананың шатыры құлады. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Ғимарат төбесі қалың қарды көтере алмай опырылған. Қазір емхана қалыпты жұмыс істеп тұр. Жыл басынна бері өңірде осындай 27 дерек тіркелді.
Қалада - 20, ал аудандарда 7 ғимараттың төбесі құлаған. Дені тұрғын үйлер. Арасында балабақша, колледж, емханалар да бар. Зақым келген ғимараттардың көбі 40 жыл бұрын салынған ескі нысандар.
Марс Отаров, облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бөлім бастығы:
Соңғы факті №1 емханада тіркелді. Ауданы шамамен 15-20 шаршы метрді құрады. Шатыр құлаудан зардап шеккендер жоқ. Негізгі себеп – қардың уақтылы тазаланбауынан және кейбір ғимараттарды жөндеу жұмысы көптен жүрмегені анықталған.
Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ