Президентке Шығыс Қазақстан облысының жыл басынан бергі әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде есеп берілді. Кездесу барысында өңірдің инфрақұрылымдық даму мәселелеріне ерекше назар аударылды. Осы ретте, Қасым-Жомарт Тоқаевқа Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпірдің құрылысы бойынша берілген тапсырмаларының орындалуы, сондай-ақ екінші жарты жылдыққа жоспарланған Семей қаласындағы жүк таситын көліктерге арналған көпірдің қайта жөнделу барысы баяндалды. Одан бөлек, Даниал Ахметов Президентке Өскемен және Үржар қалаларындағы әуежайларды қайта жөндеу жұмыстары туралы ақпарат берді. Әуежайларды жаңғырту жұмыстары биыл жыл соңына дейін аяқталады.