Ресейде жануарларға коронавирустан қорғайтын вакцина салына бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейде жануарларға коронавирустан қорғайтын вакцина салына бастады

27.05.2021

Ресейдің бірнеше аймағында жануарларға коронавирустан қорғайтын вакцина салына бастады. «Роскомнадзордың» мәлімдеуінше, бұл жұмысты ветеринарлық клиникалар жүзеге асырып жатыр. Ресей наурызда дүниежүзінде бірінші болып жануарларға арналған COVID-19 екпесін жасағанын жариялады. Сынақ кезінде иттер мен мысықтардың және түлкілер мен құндыздардың организмінде инфекцияға қарсы антидене қалыптасқаны анықталды. Еске салайық, осыған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бұл вирусты жануарлар мен адамдар бір-біріне жұқтыруы мүмкін деп алаңдаушылық білдірген еді.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу