Елімізде киіктердің саны 842 мыңға жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде киіктердің саны 842 мыңға жетті

27.05.2021

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев киіктің тіршілік аясын сақтап қалу үшін «Бөкей ордасы» резерваты құрылатынын мақұлдады. 

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі жария еткен санақ қорытындысы бойынша, елімізде киік саны 842 мыңға жетті. Яғни, бөкен басы 2 жылда 500 мыңға артқан. Ең көбі Орал популяциясына тиесілі, ресми дерек бойынша өңірде 545 мың киік бар. Бұл - аймақта киік қорғаушылардың материалдық-техникалық базасы жақсарып, браконерьлерге қарсы тосқауылдың күшейгенінің арқасы.  

Ардақ Мұратқызы


киік

Хабарламаларға жазылу