Инвестициялық пирамида қызметін жарнамалаған тұлғаларға 437 мың теңгеден аса айыппұл салынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Инвестициялық пирамида қызметін жарнамалаған тұлғаларға 437 мың теңгеден аса айыппұл салынады

26.05.2021

Қаржы пирамидасын жарнамалаған адамдар қылмыстық жауапкершілікке тартылмағанымен, оларға 2 миллион теңгеге жуық айыппұл салынады. Инвестициялық пирамида қызметін жарнамалаған жеке тұлғалар 150 айлық есептік көрсеткіш, яғни 437 мың теңгеден аса айыппұл арқалайды. Лауазымды адамдар 496 мың теңгеге жуық, шағын кәсіпкерлік өкілдері 580 мың теңгеден аса, ірі бизнес өкілдері 1 млн 750 мың теңге көлемінде айыппұл төлейді. Былтырдың өзінде елде 35 қаржы пирамидасының құрылғаны анықталды. Бұл тек Қаржы мониторингі агенттігі тіркеген ақпарат екенін айта кетейік.

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу