Мамандар майнингтік фермаларды салықтан босатуды сұрады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мамандар майнингтік фермаларды салықтан босатуды сұрады

26.05.2021

Цифрлық майнингке салық салу шетелдік инвесторларды азайтады. Осылай деген сала өкілдері майнингтік ферма мен дата-орталықтарды міндетті төлемнен босатуды сұрайды.  Егер 1 киловатт-сағат электр энергиясы үшін 1 теңге қосымша салық енгізілсе, майнерлер бюджетке 4 млрд теңгеден аса қаражат салады. Алайда мамандар мұны шетелдік инвестор үшін тиімсіз деп отыр. Айтуынша, қосымша салық енгізілсе, кірісін жасырып, көлеңкелі бизнеске кететін компания көбейеді.

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу