Ақтауда қасбеті құлаған үйдің қабырғасы тағы да опырылып түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтауда қасбеті құлаған үйдің қабырғасы тағы да опырылып түсті

26.05.2021

Ақтауда осыдан 4 күн бұрын қасбеті құлаған тұрғын үйде тағы да апат болды.

Кеше қабырғаның бір бөлігі опырылып , көгілдір отын қайта өшірілді. Тұрғындар зардап шеккен жоқ. Оқыс оқиға екінші мәрте қайталанған кезде ғана, жергілікті атқамінерлер қимылдай бастады. Үйдің сырты бюджет қаржысына жөнделетін болды. Ол үшін төтенше жағдайға арналған қордан қаражат бөлінеді

Гүлбаршын Қоңырова,  Ақтау қалалық әкімі аппаратының төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс жөніндегі бас инспекторы:
Сметалық құжаттарды шұғыл түрде дайындайды. Ол Ақтау қаласы әкімдігінің құрылыс бөліміне тапсырылды. Шұғыл түрде жасалынып, жұмыстар бүгіннен бастап басталады. 

Аягөз Оралбайқызы

Хабарламаларға жазылу