«Qazaqstan» мен «Qazport» УЕФА Еуропа лигасының финалын көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Qazaqstan» мен «Qazport» УЕФА Еуропа лигасының финалын көрсетеді

26.05.2021

 «Qazaqstan» мен «Qazport» арналары УЕФА Еуропа Лигасының финалын тікелей эфирде көрсетеді. Испаниялық «Вильярреал» мен ағылшындық «Манчестер Юнайтед» клубтары кубок үшін таласады. Бұл ойын Польшаның Гданьск қаласындағы стадионда өтеді. Ойынға Клеман Тюрпен бастаған француздықтар төрелік етеді. Жеңіске жеткен команда 2022 жылғы Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне жолдама алады.

Ойын бүгін түнгі сағат 00:50-де басталады.

Ал сенбі күні Чемпиондар лигасының финалында ағылшындық қос команда «Манчестер Сити» мен «Челси» кездеседі. Маусымның басты ойыны саналатын бұл матчты да біздің арналар тікелей эфирде көрсетеді.

Шерхан Жамбылұлы

Хабарламаларға жазылу