Батыс Қазақстанда соңғы қоңырау күні мектеп түлегі суға батып кетті. Қайғылы оқиға кешкісін Қаратөбе ауданы Үшана ауылы маңында болған. 17 жастағы ер бала Қалдығайты өзеніне/ суға түсуге достарымен бірге барған. Қарақамыс ауылынан атасының үйіне қыдырып келген беті екен. Марқұмның денесін ауыл тұрғындары судан алып шықты. Қазір оқиғаға орай тергеу амалдары басталды.
Ардақ Мұратқызы