Банк, микроқаржылық ұйым мен коллекторлар жаңа ережемен жұмыс істейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Банк, микроқаржылық ұйым мен коллекторлар жаңа ережемен жұмыс істейді

25.05.2021

Банктер, микроқаржылық ұйымдар мен коллекторлар бұдан былай жаңа ережеге сай жұмыс істейді. Президент саланың қызметтін реттейтін заңға қол қойды. Енді коллекторлар борышкердің бейберекет мазасын алып, тіркелмеген нөмірмен хабарласа алмайды. Қарыз алған адаммен сөйлескен аудио-видео жазбаны сақтауға міндетті. Ал микроқаржылық ұйымдар жарнама тарату кезінде жылдық сыйақы мөлшерлемесін көрсетуі қажет. Енді микронесие қайтаруды кешіктірген азаматтың 90 күн ішінде қарызына өсімпұлды 0,5%-дан асыруға болмайды.

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу