Тәтті сусындарға акциз салынса, кәсіпорындар шығынға батады - мамандар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тәтті сусындарға акциз салынса, кәсіпорындар шығынға батады - мамандар

25.05.2021

Тәтті сусындарға акциз салынса, кәсіпорындар шығынға батып, жабылып қалуы мүмкін. Осылай деген алкогольсіз сусын өндірушілер қауымдастығының басшысы бизнеске қолдау сұрап отыр. Әлия Мамытбаеваның айтуынша, сусын өндіретін кәсіпорындарда шамамен 12 мыңнан аса жұмыс орны жабылады. 20 пайыз акциз енгізілсе, өндіріс 26,4 пайызға қысқарады. 6 млрд теңгеге жуық салық түсімі азаятынын жеткізді. Қауымдастық өкілі соңғы жылдары қанттың 65, электр энергиясының 15 пайызға қымбаттағанын айтады. Еске салайық, елде тәтті сусындарға биыл 7%-бен акциз салығын енгізу ұсынылған. Оны 2025 жылға қарай 45%-ға өсіруді жоспарлап отыр. 

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу