Мемлекет басшысы БҰҰ дөңгелек үстелінде үндеу жасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы БҰҰ дөңгелек үстелінде үндеу жасады

25.05.2021

Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Ұлттар Ұйымының жиынында үндеу жасады. Президент Өндіруші салалардағы мәселелер жөніндегі жаһандық дөңгелек үстелге онлайн режимде қатысты. Ел басшылары деңгейіндегі бұл виртуалды форум Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерриштің бастамасымен өтіп жатыр. Қазақстан Президенті қоршаған ортаны қорғау мәселесіне екпін берді. Бұл ретте біздің мемлекетіміз Париж келісіміне алғаш болып қол қойғанын еске салды.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті: 
Сонымен қатар, алдағы бес жылда Қазақстанда 2 миллиардқа жуық ағаш егіледі. Ақылды саясат пен инвестициялардың көмегімен біз жаһандық жасыл экономикаға жол саламыз. Осы мақсатқа жету үшін жеке сектордан да, мемлекеттік сектордан да қаржылық ресурстарды тарту маңызды. Біз COVID-19 пандемиясы дәуіріндегі халықаралық қаржыландыру күштерін шоғырландыру жөніндегі келісілген әрекетті құптаймыз. Қоршаған ортаны қорғау мақсаты сауда мен инвестиция үшін тосқауыл болмауы қажет. Мен Қазақстанның осы өршіл бастамаларға деген берік ұстанымын растаймын.

Шерхан Жамбылұлы

Хабарламаларға жазылу