Алматы облысында жасөспірім 9 қабатты үйдің шатырынан құлап мерт болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында жасөспірім 9 қабатты үйдің шатырынан құлап мерт болды

25.05.2021

Алматы облысында көпқабатты тұрғын үйдің төбесінде ойнап жүрген жасөспірім құлап кетіп, көз жұмды. Қайғылы оқиға кеше кешкілік болған.  

Көршілердің айтуынша, 3 бала «Нұрия» тұрғын үй кешенінің төбесінде ойнап жүрген. 9 қабатты екі үйдің ортасы қуыс болған. 11 жастағы бала байқаусызда сол қуысқа құлап кеткен. Алған жарақаттарынан бала сол жерде қаза тапқан. 

Азамат Жұртбаев, Алматы облысы ТЖД ресми өкілі:
2009 жылы туған бала үлкендердің қарауынсыз қалып, 9 қабатты тұрғын үйдің төбесінде балалармен ойнап жүріп, абайсызда екі қабырғаның ортасына құлап кетті. Алған жарақаттарының салдарынан бала оқиға орнында көз жұмды.

Жазира Оразқызы

Хабарламаларға жазылу