Болашақта әлемде коронавирустан да қауіпті пандемия басталуы мүмкін. Мұны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус Женевада 74-ші рет ашылған Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ассамблеясында мәлімдеді. Оның сөзінше, планета тағы бір ғаламдық індетке жержүзі елдері ынтымақтастықтан, ақпарат, ресурс және технология алмасудан бас тартқанда душар болады. Дегенмен, бірқатар сарапшылардың пікірінше, жаңа пандемия туралы нақты болжам айту қиын.
Тағы бір сөзінде, Гебрейесус вакцина таратудағы теңсіздікті қатаң сынап, бүгінде екпелердің 75 пайызы бақуатты 10 елде ғана салынғанын атап өтті. Оның ойынша, жыл соңына дейін әр мемлекеттің кемінде 30 пайыз тұрғыны вакциналануы керек.
Арыстан Рысбек