Цой коронавирусқа қатысты жаңа болжам жасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Цой коронавирусқа қатысты жаңа болжам жасады

25.05.2021
Цой коронавирусқа қатысты жаңа болжам жасады

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой эпидемиологиялық ахуалға қатысты болжамымен бөлісті.

«Пессимистік сценарий бойынша вакциналау тиімділігі кем дегенде 60%-ды құраса, маусым-қыркүйек айында вирус жұқтырғандар саны 95 мыңға жуықтайды.

Реалистік сценарий бойынша вакциналау тиімділігі 80%-дан кем болмаса, маусым-қыркүйекте науқастар саны 69 мың адамға жетеді.

Оптимистік сценарийде вакциналау тиімділігі кем дегенде 95%-ды құраса, науқастар саны маусым-қыркүйекте 61 мыңға жуықтайды», - деді министр Үкімет отырысында.

Алейсей Цой сценарийлердің орындалуы азаматтардың вакциналау мәселесіндегі белсенділігіне тікелей байланысты екенін айтты.



коронавирус Үкімет

Хабарламаларға жазылу