Қостанай облысының Ашутасты ауылында қасқыр 2 адамды талады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысының Ашутасты ауылында қасқыр 2 адамды талады

06.03.2019

Аш қасқыр ауылға кіріп, екі адамды талап тастады. Түз тағысы далада жүрген екі қойға да тісін батырыпты. Оқиға Қостанай облысының Арқалық қаласына қарасты Ашутасты ауылында болған.  Зардап шеккендер 27 жастағы әйел адам мен 12 жастағы оқушы. Олар дереу Арқалық қаласындағы ауруханаға жеткізіліп, алғашқы көмек көрсетілді. Куәгерлердің айтуынша, екеуінің де жарақаты жеңіл. Ал қасқырға ұқсас мақұлықты тұрғындар сол жерде өлтірген. Мамандар оның денесін зертханаға апарып, тексеріп жатыр. Бұл мақұлық қасқыр ма, әлде қаңғыбас ит пе? Құтыру тәрізді қауіпті жұқпалы ауруы бар ма? Мұның анық-қанығы сараптама қортындысы шыққан соң белгілі болады.

Бауыржан Бекет, «Облыстық ветеринария басқармасы» ММ басшысының орынбасары:

- Біздің болжамымыз бойынша бұл ешқандай ауру қасқыр емес. Қазір көктем айы. Сондықтан, аш қасқыр далада ешқандай қорек болмағандықтан, ауылға кірген. Бүгінгі таңда алаңдайтындай ешқандай жағдай жоқ. Облыс бойынша эпизотикалық жағдай тұрақты.

Дәуренбек ӘБДІБЕК

Хабарламаларға жазылу