Елорда мектептеріне бомба қойылғаны туралы жалған хабар тарады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елорда мектептеріне бомба қойылғаны туралы жалған хабар тарады

24.05.2021

Нұр-Сұлтан қаласының бірнеше мектебіне бомба қойылды деген жалған ақпарат тарады. Белгісіз біреулер оқу орындарының электронды пошталарына ғимаратта жарылғыш зат бар деген хат жолдаған. Барлық мектептердің аумағынан адамдар шығарылған. Жарылғыш зат табылған жоқ. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Жедел іздестіру жұмыстары жүріп жатыр. Естеріңізге сала кетейік наурыз айында Алматы қаласында осындай оқиға тіркелген. Белгісіз біреулер отыз төрт мектептің электронды поштасына ғимаратқа жарылғыш зат қойылды деген жалған хабарлама жіберген.

Оңғар Алпысбайұлы

Хабарламаларға жазылу