Қазақстан «Спутник V» вакцинасын экспортқа шығаруы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан «Спутник V» вакцинасын экспортқа шығаруы мүмкін

24.05.2021

Қарағанды фармацевтикалық кешені еліміз үшін 5 млн доза «Спутник V» вакцинасын өндіреді. Бұл олардың денсаулық сақтау министрлігі алдындағы міндеті. Осыдан кейін препаратты экспортқа шығару мүмкіндіктері қаралады. Ведомство тарапынан тапсырыс болса, Қазақстан үшін вакцина өндіру жалғасады. Кешен ақпаннан бері 1,8 млн доза, мамырда 1 млн 200 мың доза өндірді. Маусымда бұл көрсеткішті 1,5 млн-нан асыру жоспарланған. Айта кетерлігі, ресейлік «Спутник V» вакцинасы мен қазақстандық «Спутник V» препаратының ешқандай айырмашылығы жоқ. Кешен басшысы екпе кезіндегі екі компонент арасындағы уақытқа қатысты да пікірін білдірді.

Сергей Барон, «Қарағанды фармацевтикалық кешені» ЖШС бас директоры: 
Вакцинаны жасаушы академик Гинцбургтің айтуынша, екінші компонентті 21 күннен ерте салдыруға болмайды. Себебі, адам ағзасы бірінші екпені толықтай өзіне сіңіре алмайды. Ал кешіктіріп алу оның нәтижелілігіне кері әсер етпейді. Тек тым созып жіберуге болмайды.

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу