Алматыда республикалық «Шабыт өрені» жас ақындар мүшәйрасы өз мәресіне жетті. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған сөз сайысына 14 пен 20 жас аралығындағы ақындар қатысты. Наурызда басталып, 2 айға созылған мүшәйраның бірінші кезеңі онлайн форматта өтті. өңірлерден қатысқан 400-ге жуық үміткердің 25-і іріктеліп алынды. Соңғы сайыста қазылар алқасы үздіктерді анықтап, диплом және өзге де сыйлықтармен марапаттады. Жыр мүшәйрасын жыл сайын өткізу жоспарланып отыр.
Жазира Оразқызы