Шекарадағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шекарадағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі талқыланды

23.05.2021

Осы аптада Қауіпсіз кеңесінің отырысы өткен, 2030 жылға дейін Қарулы Күштерді, басқа да әскер мен күштік құрылымдарды құру және дамыту тұжырымдамасының жобасы қаралды, cондай-ақ шекарадағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету талқыланды, деп хабарлады «Елбасы» сайты.

Нұрсұлтан Назарбаев қазіргі заманға сай әскер құруда және Қарулы Күштердің құрылымын жетілдіруде жаңа тәсілдер әзірлеу қажеттігіне тоқталған. Асимметриялық және гибридті қатерлерге тойтарыс беруге дайындықтың, жаңа технологияларды енгізудің және әскери процестерді басқаруды автоматтандырудың маңызы өте зор.

Яғни әлем елдері экономиканың құлдырауына қарамастан әскерін күшейтіп жатыр. Біз де қарап қалмауымыз керек. Бәрі шекарадан басталады...


Хабарламаларға жазылу