Несие беруге алдын ала тыйым салу қажет. Біреудің атынан кредит рәсімдейтін алаяқтарды тоқтату үшін депутаттар осындай ұсыныс айтты. Егер азамат ешқандай несие алмайтынын алдын ала хабарлап тыйым салса, оның атынан ешкімге кредит берілмеуі тиіс. Адамның жеке құжатын қолданса да, несие рәсімделмейді. Депутаттардың айтуынша, елде алмаған қарызын қайтарып, жапа шеккен тұрғындар көбейген. Мәселен, Алматыда жеке куәлігін жоғалтқан азаматтың атынан біреу 1,5 млн теңгеге несие алған.
Ақерке Бектас