Ипотекалық бағдарламалар арқылы 81 мыңнан аса отбасы баспаналы болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ипотекалық бағдарламалар арқылы 81 мыңнан аса отбасы баспаналы болды

20.05.2021

Қазақстанда ипотекалық бағдарламалар арқылы 81 мыңнан аса отбасы баспаналы болды. Тұрақтылық қорының хабарлауынша, 54 мыңнан аса жанұя «Баспана хит»-пен тұрғын үй сатып алса, 27 мыңнан аса адам 325 млрд теңгеге «7-20-25» арқылы үйлі болған. Бұл ипотекалық бағдарламаға жалпы сомасы 1 трлн теңге бөлінген еді. «Баспана хит» арқылы тұрғын үй алуға 600 млрд теңге қаралған. Бөлінген қаражат жыл соңына дейін толық игерілген уақытта бағдарлама аяқталады дейді мамандар. Ал банктер қазір шарттары «Баспана хит»-ке ұқсас несие беру жүйесін әзірлеп, ұсынып жатыр. 

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу