Шымкентте коммуналдық мекеменің 500-ге жуық қызметшісі жұмыссыз қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте коммуналдық мекеменің 500-ге жуық қызметшісі жұмыссыз қалды

20.05.2021

Шымкентте коммуналдық мекеменің 500-ге жуық қызметшісі жұмыссыз қалды. Өйткені мемлекеттік сатып алу байқауы бойынша енді бұл жауапкершілік өзге компанияларға жүктеліп отыр. Алайда олар әлі күнге тірлікті ұқсата алатын емес. Екі аптадан бері суарылмаған саябақтар мен гүлзарлардағы жасыл желек қуаруға айналды. Аптап ыстықта жанға жайлы су бұрқақтар да әлі іске қосылмаған.

Мақсат Тоғызбаевтың жұмысссыз жүргеніне екі айға жуықтады. Жасыл желек коммпаниясында табан аудармай 11 жыл еңбек еткен еді. Ағаш кесуші, гүл баптаушы және гидранттарды жөндеу тобының жетекшісі болды. Енді тәжірибелі маманды ешкім керек қылатын емес.

Мақсат Тоғызбаев,   қала тұрғыны:
Мойнымда кредит, бала-шаға бар. Жұмыс іздеп басқа жерге барсаң жасым 50-ге таяп қалды алғысы келмейді. Оның үсітне пандемия. 

15 жыл бойына шаћардағы 50-ге тарта саябақ пен гүлзарды жайқалтып келген серіктестіктегі 500 жұмысшының жай күйі осы.

Ұланбек Алдабергенов, «Шымкент жасыл қала» ЖШС бас инженері:
Сантехника жағында жүргендердің көбі ер азаматтар. Ал қалғаны сыпырушылар әйелдер. Оның ішінде жасы пенсияға жақындағына, үйінің жалғыз асыраушы болып жүргендер бар. Солардың бәрі шырылдап қайда барарын білмей қалды.

Коммуналдық саладағы мұндай беректсіздіктен жасыл желекті Шымкент сұрқай тартып барады. 8 ірі саябақ пен 30-дан астам гүлзардың суарылмағанына екі аптаның жүзі болды. 32 су бұрқақтың үштен бірі ғана шала-жансар істеп тұр. Ал көше бойына егілген желектерді бағбандар суару жүйесі бола тұра шланг сүйреткен автокөліктермен ылғалдандырып жүр.

Дархан Тұрғанбайұлы, қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының бөлім басшысы:
Кешіккен себебі мемлекеттік сатып алу конкурстары кеш өтті. Қазір тозығы жеткен фонтандар ремонтталып жатыр. Егер жұмыстар дұрыс атқарылмаса ары қарай хат беріп тиісті шараларды қолданамыз.

 «Шымкент жасыл желек» компаниясының жұмыссыз қалған азаматтары еңбек орындарын сақтап қалуды сұрап прокуратураға шағым түсірді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментіне арызданды.

Ғани Қалмаханов

Хабарламаларға жазылу