Мемлекет басшысының Тәжікстанға ресми сапары басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысының Тәжікстанға ресми сапары басталды

20.05.2021

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Тәжікстанға ресми сапары басталды. Сапар аясында екі ел басшылары түрлі форматта кездесу өткізіп, екі жақты ынтымақтастықты арттыру, сауда-экономикалық байланыстарды жаңа деңгейге көтеру деңгейін талқылайды. Жалпы, қазақ-тәжік тек стратегиялық тұрғыдан серіктес емес. Өзара тату дос. Бұл қарым-қатынас сауда-саттықтың артуына серпін беріп беріп келеді. Бірақ коронавирус салдарынан былтыр тауар айналымы кеміген. Жалпы екі ел өңірлік кооперацияны жандандыруға мүдделі. Келіссөз кезінде соған айрықша тоқталмақ. Сондай-ақ, жиында Орталық Азиядағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше мән беріледі деп күтіліп отыр.

Раушан Сайлауқызы

Президент

Хабарламаларға жазылу