Карьерлерді заңсыз игеруді тоқтату керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Карьерлерді заңсыз игеруді тоқтату керек

19.05.2021

Карьерлерді заңсыз игеруді тоқату керек. Мәжіліс депутаты Фахриддин Қаратаев Үкімет пен Бас прокурорға осылай деп сауал жолдады. КСМ: Қиыршық тас, құм, саз, қара топырақ қазғандар қоршаған ортаға миллиардтаған теңге залал келтіріп отыр. Экология және жер кодекстерінің талаптары сақталмайды. Соңғы 3 жылда елімізде карьерлерді заңсыз игеруге байланысты 300-ден астам қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген. Мұндай олқылықтар барлық аймақтарда бар.

Фахриддин Қаратаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Карьерлерге, жалпы пайдалы қазбаларды өндіруге жер бөлу процесінің ашықтығын арттыруды, ҚР Прокуратурасы кең таралған кең тараған пайдалы қазбаларды өндірудің заңнама талаптарына сәйкес, тексеру жүргізуді ұсынамыз.

Дарын Сағитов


Хабарламаларға жазылу