Батыс Қазақстанда киіктер тірідей көмілген деген ақпарат жалған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Батыс Қазақстанда киіктер тірідей көмілген деген ақпарат жалған

19.05.2021

Батыс Қазақстанда киіктер тірідей көмілген деген ақпарат жалған. Әлеуметтік желіде бейнежазба тараған бойда аудандық полицияның жедел тобы шағым түспей тұрып, оқиға орнына барған. Шынымен де, шалажансар бір киік анықталған. Оны мамандар қарап, босатып жіберген. Тірі бөкенге қатыгездік танытқан әкімдік қызметкерлері кешірім сұрады. Өлекселерді жинап болған соң құзырлы мамандардың қатысуымен, акт толтырылып, санитарлық талапқа сай көмілді.

Мөлдір Садырғалиева, облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекші маманы:
Аталмыш жайт ақпараттық есепке алу кітабына тіркелді. Оқиға орнына жедел тергеу тобы жолданып, расымен өлі ақбөкендердің арасында біреуінің тірі екені анықталды. Ол мал дәрігерінің қарауынан кейін үйіріне қосылды. Қазіргі таңда әкімшілік не қылмыстық іс қозғалған жоқ.

Ардақ Мұратқызы


Хабарламаларға жазылу