Елордада заңсыз қару сақтаған 1 азамат ұсталып, 9 адам жауапқа тартылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада заңсыз қару сақтаған 1 азамат ұсталып, 9 адам жауапқа тартылды

19.05.2021

Елордада атыс қаруын заңсыз сақтап келген 1 азамат ұсталып, 9 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қазір полицейлер қаладағы қаруы бар азаматтарды түгел тексеріп жатыр. Кеше бір күнде 400-ден астам азаматтан 14 қару тәркіленді. Көбісі қаруды сақтау тәртібін бұзғандар. Мәселен, қаруын дұрыс тіркемеген, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды заңсыз сатып алған. Сондай-ақ қазір қаруын ерікті түрде тапсырғандарға сыйақы да беріліп жатыр.

Данияр Оралов, қалалық Полиция департаментінің ресми өкілі:
Қазіргі таңда Нұр-Сұлтан қаласында 15 мыңнан азаматта өзінің аңшылық, басқа да қарулары бар. Сол қару иелерін 17 маусымға дейін түгел тексереміз. Яғни, қандай жағдайда сақталған, барлық талаптарға сай ма.

Амангелді Сейітхан

Хабарламаларға жазылу